Қазақстанның күнтізбесінде малшылар күні пайда болады

0
1 139

Жобаның мақсаты - еліміздегі мал бағушылар күні мерекесін бекіту, мал шаруашылығы саласындағы қызметкерлердің беделін көтеру.


Қазақстанның күнтізбесінде малшылар күні пайда болады

ERNUR.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы мереке күндері тізіміне толықтырулар енгізген ҚР Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі, деп жазады zakon.kz.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі келесі тармақпен толықтырылсын:

"14-1. Мал бағушылар күні - маусымның екінші жексенбісі", делінген құжатта.

Құжаттағы түсініктемеде көрсетілгендей, жобаның мақсаты - еліміздегі мал бағушылар күні мерекесін бекіту, сонымен қатар мал шаруашылығы саласындағы қызметкерлердің беделін көтеру, оларды еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеу .

Құжат 5 мамырға дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.