Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

0
1 002

Алматы қаласынан 552 шақырым қашықтықта жер сілкінісі орын алды.


Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

ERNUR.KZ. 13 мамыр күні Алматы уақытымен 05 сағат 20 минут 56 секундта жер сілкінісін тіркелді, деп жазады inform.kz.

«Зілзала ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан батысқа қарай 552 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9,5. MPV магнитудасы - 4,1. Тереңдігі - 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - делінген ақпаратта.