Энергетика министрлігі осылай хабарлады.
ERNUR.KZ. Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында бұрын орындалмаған міндеттемелер бойынша қарызын толық өтеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгінгі таңда Қазақстан бұрын орындалмаған міндеттемелер бойынша қарыздарын толық өтеді", - делінген Энергетика министрлігінің агенттікке берген жауабында.
"Қазақстанның 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың шілдесіне дейін жинақталған міндеттемелерін орындауы 156%-ды құрайды", - деген ведомстводан.