Ұлттық банк деректеріне сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша еліміздің сыртқы қарызы 164,2 млрд долларды құрайды.
ERNUR.KZ. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ке төмен. Алайда бір жыл ішінде Ресейге қарызы 88,6%-ке ұлғайған, деп жазады inbusiness.kz.
Қазақстан ең көп қарыз алған мемлекет - Нидерланд Королдігі. Бір жылда берешек сомасы 7,4%-ға қысқарған. Екінші орында Ресей тұр. Жалпы қарыз сомасы 18,3 млрд доллар, бір жылда солтүстіктегі көршімізден 88,6%-ке көп қарыз алған.
Үшінші орында Ұлыбритания тұр, борыштың жалпы сомасы 16,9 млрд доллар. Бір жыл ішінде қарыз сомасы 27,4%-ке азайған. Төртінші орында - АҚШ, қарыз көлемі 8%-ға азайған, жалпы сома 12,5млрд долларды құрайды.
Сыртқы қарыз көлемі аз да болса азайғанымен, халықаралық ұйымдар алдындағы қарыз 7%-ға өсіп, 12,2млрд долларды құрады. Қытайға қайтаратын қарыз 2%-ға азайып,9,9 млрд долларға түскен.
Қазақтан ең аз қарыз алған елдер қатарында Вьетнам, Кения, Ливия, Пәкістан және Ауғанстан елдері бар.