Президент елшілікте тағайындаулар жасады.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар елдің Елшілері тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.
Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;
Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;
Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.