Қазақстанның солтүстігінде нан қымбаттады

0
1 724

Қазақстанның солтүстігіндегі Петропавл қаласында тағы да нан бағасы шарықтады.


Қазақстанның солтүстігінде нан қымбаттады

ERNUR.KZ Астықты аймақта нан бірден 15 пайызға шарықтап шыға келді деп жазады kaz.tengrinews.kz сайты. Халық ең көп тұтынатын "ерекше" сұрыпты нанның бір бөлкесі 91 теңгеден 105 теңгеге дейін қымбаттаған. Кейбір дүкендерде тіпті шарықтатып, 120 теңгеден сатылады. Қалалық әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, оған бидай бағасы себеп болған. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында астық қымбат. Бірақ әлеуметтік нан өзгерген жоқ. Бұрынғыша 61 теңге. Бірақ сатушылардың айтуынша, оны ешкім алмайды. "Бір сауда нүктесінде күніне 10-ақ бөлке өтуі мүмкін", - дейді олар.

Тағы бір айта кетерлік жайт, облыста соңғы жарты жылда нан 3-рет қымбаттап отыр. "Бізде нан-тоқаш комбинаты нанның екі түрін шығарады. Біріншісі - қалалық. Ол 61 теңге тұрады. Және екіншісі - "ерекше петропавлдық". Ол әлеуметтік маңызы бар өнімге жатпайды", - дейді қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Евгения Сальникова.