Бұған дейін желіде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Венгрия азаматтығын алған деген ақпарат тараған.
ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің Венгрия азаматтығын алғаны туралы қауесетке түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz.
"Венгрия тараптың бізге хабарлауынша, Мәсімов мырзаның азаматтығы болмаған. Қосымша ақпарат түскен жоқ. Біздің елде қос азаматтыққа тыйым салынған, ал басқа елдің азаматтығын алған адам автоматты түрде біздің азаматтығымыздан айырылады", - деп жауап берді Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін желіде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Венгрия азаматтығын алған деген ақпарат тараған.