Қазақстан, АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария және Эстониямен қатар, жаңа желіні енгізуді бастаған алғашқы ондыққа кірді.
ERNUR.KZ. 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында ақпарат және байланыс саласына салынған инвестиция 21,8 млрд теңгені құрап, жылына 27,5%-ға артты, — деп жазады 7kun.kz.
Инвестиция бойынша көшбасшы Алматы болды — 8,1 млрд теңге, бұл 2018 жылға қарағанда 8,8%-ға аз. Сондай-ақ, елордасы Нұр-Сұлтан мен Солтүстік Қазақстан облысын атап өткен жөн, сәйкесінше 3,8 млрд және 2,7 млрд теңге.
Қазіргі таңда Қазақстан, АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария және Эстониямен қатар, жаңа желіні енгізуді бастаған алғашқы ондыққа кірді. 2019 жылдың соңына дейін осындай жобалар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге асырылатын болады.
International Data Corporation халықаралық ұйымының зерттеуіне сәйкес, 2019 жылы 5G смартфондарының бүкіл әлем бойынша сатылымы 6,7 миллион бірлікке жетеді деп күтілуде. 4G смартфондарын жеткізу көлемі 95,4% үлесімен 1,3 млрд бірлікті құрайды.
2023 жылға қарай 5G смартфондарын жеткізу үлесі нарықтың 26%-ын (401,3 млн бірлікті) құрайды, ал 4G смартфоны нарықтан 71,7%-ға дейін төмендейді.
2019 жылдың сәуір айының соңында тіркелген интернет-абоненттер саны 2,5 млн бірлікті құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға аз. Тіркелген интернет абоненттерінің тығыздығы 100 адамға 14 бірлікті құрады.
Мобильді интернет абоненттерінің саны наурыз айының соңында 14,6 млн адам болды, бұл жыл ішінде 7,2%-ға артты. Интернетке қолжетімділігі бар ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 79 бірлікті құрады.