Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілген.
Фото: ҰҚК
ERNUR.KZ. 12 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілген.
2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды. ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды, — деп мәлімдеді ведомстводан.
Бұған дейін Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы бар Қазақстан Республикасының жеті азаматын ұстаған.