Қазақстанның жас әншісі "Славян базарының" Гран-приін жеңіп алды

0
614

Жас орындаушы фестивальдің қазылар алқасынан ең жоғары ұпай жинады.


Қазақстанның жас әншісі

ERNUR.KZ. Беларусьтің Витебск қаласында өтіп жатқан "Славян базары" байқауының ашылуында 12 жасар Шерхан Арыстан арнайы сыйлыққа ие болды, деп жазады zakon.kz.

Жас орындаушы фестивальдің қазылар алқасынан ең жоғары ұпай жинады. Сонымен байқаудың бірінші күні ол Андреа Бочелли, Дэвид Фостер және Эми Фостердің Ama, Credi e Vai ("Сүй, сен, жүре бер") композициясын орындағаны үшін 70 ұпай жинады. Екінші күні де Шерхан Арыстан 70 ұпай алды. Бұл туралы Белта басылымы жазды.

Басылым Қазақстаннан барған жас әнші қазылар алқасын күшті вокалымен тәнті еткенін жазды. Сонымен қатар Шерхан Арыстан Қазақстанда танымал болуды армандайтынын айтты.