Біздің елден кейінгі қатарда Аргентина, Бразилия, Индонезия, Марокко, Сербия, Түркия және басқа да мемлекеттер орналасқан.
ERNUR.KZ. Дүниежүзілік банк әлемнің 214 еліндегі ең беделді, жыл сайынғы «мемлекеттік басқару индикаторлары» зерттеуінің нәтижесін жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.
Бағалау 6 индекс бойынша жүзеге асырылады: «Сыбайлас жемқорлықты бақылау», «Мемлекеттік басқарудың тиімділігі», «Заңның үстемдігі», «Реттеуші ортаның сапасы», «Саяси тұрақтылық» және «Халықтың пікірін есепке алу және мемлекеттік органдардың есептілігі».
Нәтижелер процентиль шкаласы бойынша көрсетіледі – төмен көрсеткіштері бар елдердің пайызы жазылады.
Сыбайлас жемқорлықты бақылау индексі бойынша Қазақстан кестенің ортасында өз орнын алды. Өткен рейтингте біздің елден төмен нәтижелер елдердің 42%-ын көрсетті, жаңа рейтингте – 48%.
Осылайша, бір жыл ішінде Қазақстан өз позициясын 6 тармаққа жақсартты, ал жалпы соңғы 5 жылда екі еседен астам өсім байқалады. Ағымдағы жылдың көрсеткіші - еліміздің осы рейтингке қатысқан барлық уақыт ішіндегі ең жоғары көрсеткіші.
Біздің елден кейінгі қатарда Аргентина, Бразилия, Индонезия, Марокко, Сербия, Түркия және басқа да мемлекеттер орналасқан.
Деректер Bertelsmann Stiftung, Economist Intelligence Unit, Freedom House, Gallup, IHS Markit World Economic Service, IMD, PRS Group, World Justice Project, World Economic Forum және Varieties of Democracy Project бойынша есептелді.