Қазақстанның жеті өңірінде ауыр жүк көліктерінің жүруіне шектеу енгізілді

0
2 489

Шектеу кейбір көлік түрлеріне қолданылмайды.


Қазақстанның жеті өңірінде ауыр жүк көліктерінің жүруіне шектеу енгізілді

ERNUR.KZ. Жыл сайын көктем уақытында қыс мезгілінен кейін жолдарды сақтау үшін бір осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын көліктердің жүруіне уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл ережелер бірінші наурыздан бастап 7 облыстағы тасжолдарда қолданылады.

«Бесінші жол-климаттық» деп аталатын аймаққа Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған ауданы), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары кіріп отыр. Мұндағы уақытша шектеу 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында сақталмақ.

Шектеу төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі шаралармен айналысатын, жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түлік, жолаушылар, жолжүк, дәрі-дәрмек тасымалдайтын, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын көлік құралдарына қолданылмайды.

23 наурыздан 1 мамырға дейін аталған шектеулер Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды облысы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында енгізілмек.