"Қазақтелеком" бірқатар қазақстандық БАҚ-қа шетелден шабуыл жасалғанын растады

0
852

Компания мәліметінше, шабуыл 24 қыркүйекте тіркелген.


ERNUR.KZ. "Қазақтелеком" бірқатар қазақстандық БАҚ-қа шетелден шабуыл жасалғанын растады, деп жазады Tengrinews.kz.

Компания мәліметінше, шабуыл 24 қыркүйекте тіркелген.

"Қазір біз сайттарды қалпына келтіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл кейбір сыртқы интернет-ресурстарға кіру жылдамдығының ішінара төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жұмысты жақын арада аяқтау жоспарланып отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген "Қазақтелеком" АҚ байланыс бөлімі таратқан хабарламада.