"Қазақтелеком" қызметкерлері жұмыстағы төтенше жағдайдан кейін жансақтау бөліміне түсті

0
605

25 және 44 жастағы екі жұмысшы зардап шекті.


ERNUR.KZ. Ұлттық байланыс операторы "Қазақтелеком" АҚ екі қызметкері техникамен жұмыс істеу кезінде болған төтенше жағдай салдарынан зардап шекті, деп жазады Stan.kz.

Дүйсенбі күні түскі сағат шамасында кабельдік арналардың өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін "Қазақтелеком" АҚ қызметкерлері кабельдік арналарда мұздан тазарту жұмыстарын жүргізді. Бір кезде бу генераторы істен шықты.

25 және 44 жастағы екі жұмысшы зардап шекті. Олар жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.