Жәркен Бөдешұлы әр жылдары кітап палатасында жауапты қызметтер атқарып, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған.
ERNUR.KZ. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Жәркен Бөдешұлы 77 жасында дүниеден озды. Қаралы хабарды ақынның жары растады, деп жазады sputnik.kz.
"Екі-үш күн ауырды. Коронавирус емес, бірақ аздап әлсіздік болды. Кеше түнде қайтыс болды", – деді марқұмның жесірі.
Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда Қытай Халық республикасының Тарбағатай аймағы Толы ауданында Жайыр тауында туған. Азан шақырып қойған аты – Жармұхаммед.
ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген.
Әр жылдары кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған.
Ақынның "Көкше құрақ", "Қос қанат", "Зейін", "Аспан даусы", "Нұрлы бояулар", "Жұлдызға орнын ай бермес", "Емендер түнде бүрлейді" атты өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген.