Қазақы тазы асыраушылар өз қаржыларына көрме ұйымдастырып жатыр

0
3 378

Көрме барысында «Кинологтар ұйымы» асыл тұқымды тазы иттеріне құжаттарын тапсырады.


Қазақы тазы асыраушылар өз қаржыларына көрме ұйымдастырып жатыр

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында елуге тарта қазақы тазы бар. Оларды асылдандырып, жылдан жылға, тазартып келе жатқан тазы асыраушылар өз қаржыларына көрме ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Көрме барысында «Кинологтар ұйымы» асыл тұқымды тазы иттеріне құжаттарын тапсырады. Шараға Орал, Орск қаласынан да келіп қатысып жатқандар бар.

Бала жасынан итке деге құмарлығы ерекше Ғабит Сейітжанов қазіргі таңда жеті тазы ұстап отыр. Мақсаты аңшылық құру емес, келер ұрпаққа нағыз қазақы тазыларды қалдырғысы келеді.

«Ашаршылық кезінде бір тазы ауылды асыраған. Неге қазір тоқшылық заманда осы тазыны сақтап қалмасқа. Ресей елінде Орта Азия тазысын алып қалу мақсатында еңбектеніп жатыр. Бізде нағыз қазақы тазы. Осындай жігіттердің ауызбіршілігімен оларды сақтап қалу мақсатында жұмыс жасап жатырмыз. Менде шашақ құлақ тазылар. Мен негізі көбейту үшін ұстап отырмын. Бірінші мақсат патенттеу. Қандай аңға салсаң түсе береді. Осы тазылармен қасқыр алдық. Тазының бағасы оның жұмысына қарай есептеледі. Менің тазыларымды 1000 долларға сұрайды. Бірақ, мен бермеймін», — дейді Ақтөбе тазы жанашырлары бірлестігінің төрағасы Ғабит Сейітжанов

«Ақтөбе тазы жанашырлары» бірлестігі енді құрылып жатыр. Заңды түрде ашылмағанмен тазы асыраушылар өз қаржыларымен көрме ұйымдастырып жатыр екен.