Қазіргі таңда Қазақстанда берілген шағын несиелердің жалпы көлемі 1,1 трлн. теңгені құрады.
ERNUR.KZ. 1 қазаннан бастап қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алқасының қаулысы күшіне енеді. Соның нәтижесінде шағын несиелік келісімдердің шекті мөлшерлемелері тәулігіне 0,4%-ға дейін өседі, деп жазады stan.kz.
Нақтырақ айтқанда, микроқаржы ұйымдарындағы пайыздық мөлшерлеме өседі.
"Келісім мерзімін күнтізбелік қырық бес күннен асатын мерзімге ұлғайтқан кезде жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының ең жоғары мөлшері тәулігіне 0,4 пайыздан аспайтын мөлшерде белгіленсін.",- делінген қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының қаулысында.
Бұған дейін 45 күнге дейінгі шағын несиенің максималды мөлшерлемесі тәулігіне 0,35% болатын.
Қаржы сарапшыларының есебіне сәйкес, өзгерістер нәтижесінде 103 500 теңгеге дейінгі шағын несиелер бойынша жылдық мөлшерлеме 339%-ға, 103 500 теңгеден 172 500 теңгеге дейін 211%-ға дейін өседі. Сондай-ақ, 45 күннен асатын шағын несиелер бойынша бұрын 128 пайыз болса, ендігіде жылдық мөлшерлеме 146 пайызды құрайтын болады. Салыстыру үшін банктердегі жылдық несиенің ең жоғары мөлшерлемесі 56% құрайды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда берілген шағын несиелердің жалпы көлемі 1,1 трлн. теңгені құрады.