Ресей шетелден аударымдар бойынша көш бастап тұр, жалпы соманың үлесі 57,5%-ға тең.
ERNUR.KZ. Қазақстан ұлттық банкі қазан айында Ресейден аударымдардың 13 есе өскенін тіркеді, деп жазады stan.kz.
Қазан айында "Золотая корона", "Юнистрим" және “Contact” ақша аударымдары жүйелерінің көмегімен 42,7 млрд теңге (5,6 млрд рубль) аударылды.
123,4 мың транзакция жасалған. Ресей шетелден аударымдар бойынша көш бастап тұр, жалпы соманың үлесі 57,5%-ға тең. Екінші орында – Қырғызстан. Ол 14 %-ға (10,4 миллиард теңге) тең.
Бұған дейін қаржы сарапшысы Михаил Беляев қазақстандық теңгенің бағамы осы валютадағы операцияларға сұраныстың артуына байланысты аздап өсетінін айтты.