​Қазан айының алғашқы күндері күн суытады - Қазгидромет

0
2 113

Синоптиктер 2018 жылдың 2-4 қазан аралығына ауа райы болжамын жасады.


​Қазан айының алғашқы күндері күн суытады - Қазгидромет

ERNUR.KZ. Синоптиктер 2018 жылдың 2-4 қазан аралығына ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Демалыс күндері ауа райының жылы болуына әсер еткен антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне ығысты. Алдағы екі тәулікте Қазақстан арқылы суық атмосфералық ауа ағындары өтіп, 2 қазанда республиканың солтүстік және орталық облыстарында, 2-3 қазанда оңтүстік-шығыс және шығысында жаңбыр жаууы ықтимал. Республиканың батыс облыстарына антициклон ауысып, үсік жүреді.

Кейін антициклон шығысқа жылжиды, соған байланысты Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы 0...5° дейін төмендейді.