Қазандықтағы жарылыс: Павлодарда зардап шеккен ер адамның жағдайы ауыр

0
416

Ер адамды термоингаляциялық күйік шалған.


Қазандықтағы жарылыс: Павлодарда зардап шеккен ер адамның жағдайы ауыр

ERNUR.KZ. Павлодарда қазандықтағы жарылыс кезінде зардап шеккен ер адамның жағдайы ауыр. 1979 жылғы ер адамды термоингаляциялық күйік шалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 43 жастағы тұрғынның басы, беті мен денесінің жоғары және төменгі бөлігін 40-45 % күйік шалған.

"Зардап шеккен азамат жану өнімдерімен уланған. Жағдайы ауыр деп бағаланады", – деп хабарлады басқармада.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар ЖШС қазандығының ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылды. Салдарынан қазандық ғимараты жартылай қирап, шатыры құлады. Екі адам зардап шекті. Олардың біреуі компрессор-оператор болса, екіншісі – автогаз тасығыштың жүргізушісі.

Денесін күйік шалған 43 жастағы ер адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген. Ал 59 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.