"ҚазАвтоЖол" ақылы жолдағы сапар неге 15 мың болғанын түсіндірді

0
734

Видео авторының айтуынша, ол жүк көлігімен Алматыдан Жаркентке барып, қайтып келген. Барлығы 600 шақырым жол жүрген.


ERNUR.KZ. Қазақстандағы ақылы жолдар операторы - "Қазавтожол" ұлттық компаниясы әлеуметтік желі қолданушыларын ашуландырған жол жүру ақысына қатысты толық жауап берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде көлік жүргізушілерінің бірі ақылы жолмен жүру құнын есептейтін терминалдың маңында түсірілген кадрларды жариялады. Видео авторының айтуынша, ол жүк көлігімен Алматыдан Жаркентке барып, қайтып келген. Барлығы 600 шақырым жол жүрген. Сапар аяқталған соң жол жүру құны 15 000 теңге болған.




Ведомствоның толық түсініктемесі:

"Дерек бойынша 3 шілдеде Алматы-Қорғас жолының ақылы учаскесіне 017VCB05 мемлекеттік нөмірі бар VOLVO маркалы көлік құралы кіргені тіркелген (Байсерке тіркеу аймағында төлем - 300 теңге).

4 шілдеде Алматыдан Қорғасқа дейінгі ақылы жол учаскесі бойынша жол жүру (төлем - 7350 теңге) тіркелді.

2021 жылғы 5 шілде - Қорғастан Алматыға дейін (толық жол үшін 7350 теңге).

2021 жылғы 3-5 шілде аралығында Алматыдағы ақылы учаске бойынша 600 шақырым үшін 15 тоннадан асатын жүк көлігін пайдаланушыға 15 000 теңге ақы есептелді. Бұл жол жүру үшін бектілген бір километрге 25 теңге мөлшерлемеге сәйкес келеді.

Көрсетілген ақылы учаскелер бойынша жол жүру тарифі ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 30 наурыздағы № 429 қаулысымен бекітілген. Жүк көлігі үшін жүк көтерімділігіне байланысты жол ақысы бір километрге бес теңгеден 25 теңгеге дейін тұрады. Қолданылатын алым мөлшерлемелері 2013 жылдан бастап өзгеріссіз қалды.
Сондай-ақ, бұл ақылы учаске бойынша Алматы - Көкпек - Көктал - Шонжы - Қорғас жолымен баламалы тегін жол жүру мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, жүргізуші биыл 2 шілдеде ақылы учаске бойынша жол жүру кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірін қасақана жасырғанын қосымша хабарлаймыз. Дерек полиция қызметкерлеріне берілді, кейін көлік құралының жүргізушісін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматы-Жаркент жолының ақылы учаскесінде жүру бөлігінің бетон жабыны бар, ол ауа температурасының күрт жоғарылауы кезінде кеңею қасиетіне ие, бұл плиталардың көтеріліп кетуіне әкеледі. Жекелеген жағдайлар жедел тәртіппен жойылады. Бұл учаскеде жол бойы сервисінің сегіз нысаны бар, олар жол пайдаланушылары үшін қызметтердің барлық спектрін көрсетеді.

Төлем бойынша есептелген сомаға қатысты қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ операторларына немесе біздің байланыс орталығымызға 1403 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Жол жүру, қарыз, төлемдер туралы ақпаратты http://Kaztoll.kz сайтынан немесе ақы алу пунктінде тексере аласыз".