Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оларға "Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы) бопсалау арқылы ірі көлемде пара алды деген айып тағылды.
"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ директоры А.М. 2023 жылдың 29 маусымында көмектесушiсі "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ бас маманы Ө.З.-мен, яғни орындалған жұмыстардың актісіне қол қоймаймын және Павлодар-Астана автожолын күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзамын деп қорқытып, мердігерден жалпы сомасы 4 000 000 теңге пара ретінде ақша алған.
Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, заттай және құжаттамалық дәлелдемелермен дәлелденді.
Сондай-ақ А.М. лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша айыпталды (ҚК 361-б. 4-б. 3) т.).
"Прокурор А.М.-ға түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, ал Ө.З.-ға – 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар кінәларын толығымен мойындамады, ақтауды сұрады."Павлодар қаласы №2 сотының баспасөз қызметі
Сот жеңілдететін мән-жайларды, асырауында жас балалардың болуын ескере отырып, А.М.-ға 8 жыл бас бостандығынан айыру, ал Ө.З.-ға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
А.М. - қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша (ҚК 361-б. 4-б. 3) т.). - қылмысқа қатысуы туралы дәлелдемелердің болмауына байланысты ақталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.