2024 жылдың 9-10 ақпаны аралығында жел 100 км/сағ-қа дейін күшейеді.
TikTok желісінде Қазақстанға бет алған тропикалық дауыл туралы хабарлаған видео тарады. Оған сәйкес, 2024 жылдың 9-10 ақпаны аралығында жел 100 км/сағ-қа дейін күшейеді. Ақпаратқа «Қазгидромет» РМК түсінік берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан тұрғындары мен қонақтарына тараған видеода бірқатар қателік бар екенін хабарлайды. Бейнежазбада талқыланған циклон Қазақстан аумағында емес, біздің республикаға Скандинавия аймақтарынан көшіп келді және 7 ақпаннан бастап ел аумағының басым бөлігін қамтиды. Жел күшіне келетін болсақ, бұл видеода көрсеткіштер 100 км/сағ делінген, ол м/с бойынша 27-28 м/с құрайды. Сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК 6 ақпанда 2024 жылдың 6 ақпаны күнгі сағат 21:00-ден 9 ақпан күнгі 21:00-ге дейін желдің күшеюіне байланысты желдің 30 м/с немесе одан да көп болатыны туралы СМҚ (стихиялық метеорологиялық құбылыс) ескерту жарияланғанын хабарлайды.
Аймақтар: Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы. Ауа райына байланысты ескертуге сәйкес, 7-9 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде жел 23-28 м/с күшейеді, екпіні 30 м/с немесе одан да көп болады, содан кейін циклон Қазақстан аумағынан тыс аймаққа ауысады,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан тұрғындары мен қонақтарын ресми ақпаратқа сенуге шақырады. Төтенше жағдайлар департаментінің 112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне, және ауа райына байланысты ескертулерді сайт пен DARMEN мобильді қосымшасынан бақылауға кеңес береді.