Қазпошта өз қызметтерінің бағасын қымбаттаты

0
613

​1 қаңтардан бастап сәлемдеме жөнелту құны 250 теңгеге өсті.


Қазпошта өз қызметтерінің бағасын қымбаттаты

ERNUR.KZ. Қазпошта өз қызметтерінің бағасын көтерді, деп жазады inbusiness.kz.

1 қаңтардан бастап сәлемдеме жөнелту 250 теңгеге қымбаттады. "Қазпоштаның" call-орталығы қызмет құнының жыл сайын көтерілетініне сілтеме жасап, бұл ақпаратты растады.

Сәлемдемені жөнелту құны оның салмағына байланысты:

0,5-тен 1 кг-ға дейін – 1 100 теңге;

1-ден 2 кг-ға дейін – 1 200 теңге;

2-ден 3 кг-ға дейін – 1 300 теңге;

3-тен 6 кг-ға дейін – 1 500 теңге;

6-дан 9 кг-ға дейін – 1 800 теңге;

9-дан 12 келіге дейін – 2 500 теңге;

12-ден 14 келіге дейін – 2 800 теңге.

2020 жылдың қорытындысы бойынша "Қазпочта" АҚ шығыны 5,2 млрд теңгені құрады.