Қазпошта сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында чат-ботты іске қосты

0
1 133

Егер чат-бот клиентке қажетті мәселе туралы ақпарат бере алмаса, оны Қазпоштаның байланыс орталығының операторына қосады.


Қазпошта сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында чат-ботты іске қосты

ERNUR.KZ. Пошта операторының алғашқы Qpost чат-боты post.kz сайтына және Facebook-тағы ресми парақшасында пайда болды, ал 28 тамызда ол Telegram-да қосылады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгінгі күнге дейін компания клиенттерінің сұрақтары мен арыздарын 8 байланыс каналы арқылы алды, бұл жауап беру уақытын едәуір арттыратын. Енді барлық өтініштер үшін бір кіріс каналы пайда болды. Бұл каналды чат-боттан басқа Сапа қызметінің операторлары бақылап, клиенттерге дер кезде көмек көрсетеді.

Жасанды интеллект технологиялары мен алгоритмдерін қолдана отырып іске қосылған біздің виртуалды көмекшіміз жіберілімдерді қадағалап, орналасқан жерін хабарлайды, тарифтер туралы ақпарат береді, пошта қызметін алуға байланысты барлық мәселелер бойынша кеңес береді.

Егер чат-бот клиентке қажетті мәселе туралы ақпарат бере алмаса, оны Қазпоштаның байланыс орталығының операторына қосады.

Біздің онлайн-көмекшіміз одан әрі дамып, қызмет көрсету кезінде білімін одан әрі арттырады. Ол неғұрлым көп сұраныстарды өңдесе, оның жауаптары тез және сапалы болады.