Кей адамдарды салықтан босатуы мүмкін бе

0
372

Вице-министр жаңа Салық кодексінде кәсіпкерлік пен инвестицияның өсуін ынталандыратын шаралар қарастырылатынын айтты.


Кей адамдарды салықтан босатуы мүмкін бе

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елімізде салық рақымшылығын жасау мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп жазады kaz.inform.kz.




«Салықты есептен шығару және салық төлемеу дұрыс емес шығар, өйткені бәріміз қолайлы жағдайда өмір сүргіміз келеді. Біздің бюджет барлық әлеуметтік мәселелерді жабуға бағытталған. Яғни, бір күнде салықты алып тастау немесе есептен шығару мүмкін емес. Себебі бұл — біздің бюджетіміздің негізі, іргетасы. Сондықтан салықты есептен шығаруға болмайды», — деді Ержан Біржанов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Вице-министр жаңа Салық кодексінде кәсіпкерлік пен инвестицияның өсуін ынталандыратын шаралар қарастырылатынын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қаржы министрлігі еліміздегі банктерге салық жүктемесін көтермек.