Келесі «Орталық Азия – Қытай» саммиті Қазақстанда өтеді

0
673

Мемлекеттер басшылары Сиань декларациясына қол қойды.


Келесі «Орталық Азия – Қытай» саммиті Қазақстанда өтеді

ERNUR.KZ. Мемлекеттер басшылары «Орталық Азия – Қытай» саммитінің қорытындысы бойынша Сиань декларациясына қол қойды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Келесі саммит 2025 жылы Қазақстанда өтеді.

«Бүгінгі айтылған барлық ұсыныс осы қабылданып жатқан Сиань декларациясында қандай да бір көрініс табатынына сенімдімін. Қазақстан «Орталық Азия – Қытай» хатшылығын құру идеясын қолдайды. Хатшылықтың Қытайда жұмыс істеуіне қарсы емеспіз әрі ол қисынды да. Сондай-ақ біз Орталық Азия-Қытай екінші саммитін Қазақстанда өткізуге дайын екенімізді білдіреміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.