Келесі жылдан бастап бизнеске кедергі келтіретін 10 мың талап алынып тасталады – министр

0
366

Министр бизнеске кедергі келтіретін тетіктерді алып тастау туралы айтты.


Келесі жылдан бастап бизнеске кедергі келтіретін 10 мың талап алынып тасталады – министр

ERNUR.KZ. Келесі жылдан бастап бизнеске кедергі келтіретін 10 мың талап алынып тасталады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжілісте өткен дөңгелек үстелден кейін айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Шағын және орта бизнестің үлесі қазір едәуір артты. Экономиканың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 36,5 пайызды құрады. Бүгінгі таңда 4,1 млн адам шағын және орта бизнесте еңбек етіп жатыр. Бір жыл бұрын оның саны 200 мың адамға төмен болған. Үкімет оларға тікелей қаражат бөліп қана қоймай, бизнеске мүмкіндіктер жасауды жүзеге асырады», - деді ол.

Министр бизнеске кедергі келтіретін тетіктерді алып тастау туралы айтты.

«10 мыңнан астам қажеті жоқ талапты бизнестен алып тастап отырмыз. Тиісті заң жобасы әзірленді. Келесі жылдан бастап керексіз талаптар қолданылмайды. Мемлекеттік органдар талаптар реестрде болмаса, ешқандай инспекция жүргізе алмайды», - деді ол.

Бүгін Мәжілісте «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасының» кешенді жоспары талқыланды.