Келесі жылы Ұлттық қордан 3,6 трлн теңге трансферттер тартылады

0
826

Қаражат әлеуметтік және маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.


Келесі жылы Ұлттық қордан 3,6 трлн теңге трансферттер тартылады

ERNUR.KZ. Бұл турлы Үкімет отырысына Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Бюджет параметрлері кепілдендірілген трансферт, шығыстардың өсу қарқыны мен бюджет тапшылығын ескере отырып, бюджет заңнамасында белгіленген қағидаларға сәйкес орындалды.
Атап айтсақ, 2024 жылға арналған түсімдер 20,4 трлн теңге деңгейінде (2025 жылы – 20,1 трлн теңге, Бұл қаражат әлеуметтік және маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
2026 жылы – 21,2 трлн теңге) болжанып отыр. Келесі жылы Ұлттық қордан 3,6 трлн теңге (2023 жылы – 
4 трлн. теңге) көлемінде трансферттер тартылатын болады", – деді спикер.

Бұл қаражат әлеуметтік және маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.

Яғни жолдарды, жылу, газ, сумен жабдықтау желілерін, инженерлік желілерді жаңғырту, сондай-ақ "Жайлы мектеп" және "Ауыл денсаулығын жаңғырту" ұлттық жобалары аясында бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу.

Жалпы, бұл жобалар Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларына және "Аманат" партиясының сайлауалды бағдарламасындағы міндеттерге сәйкес келеді.

"2024 жылы бюджет тапшылығы Жалпы Ішкі Өнімге шаққанда 2,6% деңгейінде болжанады.
Ол 2026 жылға қарай біртіндеп 2,3% дейін төмендейтін болады", – деді Жамаубаев.