Кенеттен көз жұмған Сенат депутатының орнына 5 кандидат тіркелді

0
362

Үміткерлер сайлаушылардың қолын жинауға кірісті.


Кенеттен көз жұмған Сенат депутатының орнына 5 кандидат тіркелді

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысынан сайланып, аяқ астынан көз жұмған Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың мандатына қызметке келу үшін 5 кандидат тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Парламент Сенатының депутаттығына өңірден 7 кандидат құжат тапсырған.

1 кандидаттың ҚР Конституциясының және "ҚР сайлау туралы" заңының талаптарына, яғни ҚР мен СҚО аумағында тұрақты тұру бөлігіне сәйкес келмеуіне байланысты ұсынылуы тоқтатылды. 1 кандидат өз еркімен кандидатурасын қайтарып алды.

Осылайша талаптарға сай келетін 5 кандидат сайлауға түседі.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың 27 қаңтарында жаңадан сайланған Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова көз жұмды. Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Гүлмира Кәрімованың өліміне жүрек талмасы себеп болғанын хабарлады.