Хакерлер Kundelik.kz-ке шабуыл жасады

0
628

Хакерлер 31 қаңтар күні шабуылдаған.


Хакерлер Kundelik.kz-ке шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Мемлекеттік техникалық қызмет Kundelik.kz порталына DDoS-шабуыл жасалғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

Хакерлер 31 қаңтар күні шабуылдаған.
Мемлекеттік техникалық қызметтің мәліметінше, DDoS-шабуылдар сағат 13:15-тен бастап тіркелді. Шабуылдар көлемі секундына 600 Мб-қа дейін жетті.
"Қалыптан тыс желілік трафик 2,5 сағатқа созылып, интернетке қолжетімділіктің бірыңғай шлюзі қондырғысында 16:00-де тойтарылды", - делінген хабарламада.
Зиян келтіретін трафикті зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.