Халық ем іздейтін мола: Атырауда белгісіз біреу 12 зиратты қиратып кетті

0
1 223

Тұрғындар мен өрт сөндірушілер өртті екі сағат жүріп зорға сөндірген.


Халық ем іздейтін мола: Атырауда белгісіз біреу 12 зиратты қиратып кетті

ERNUR.KZ. Атыраудан жантүршігерлік оқиға. Тасшығыл ауылында жергілікті тұрғындардың біреуі Мәтен қожа мазарын өртеп, маңындағы тағы 12 зиратты қиратып кетті, деп хабарлайды Астана арнасы.

Тұрғындардың айтуынша, молаға от қыркүйектің 27-де қойылыпты. Тұрғындар мен өрт сөндірушілер өртті екі сағат жүріп зорға сөндірген.

Ауылдағылар, "От қойған бұрыңғы шырақшы", деп отыр. Алайда, оған ресми дәлел жоқ.

Айта кетейік, Мәтен қожа моласына жергілікті халық ем іздеп келеді. Әулиенің бейіті кімге кедергі болғаны әзірге белгісіз.


Атаның мазарын сындырған, атаның түнек үйін өртеп жіберген. Бірақ түнек үйінің заттарын біздер далаға шығардық. Атаның түнек үйін алып қалдық. Басқа ештеңе алып қала алмадық, - дейді Қызылқоға ауданының тұрғыны Нұртас Бекмағамбетов.