Халық санағына жұмсалатын миллирдтаған шығынға түсінік берілді

0
500

Халық санағы 2020 жылдан 2021 жылға шегерілген болатын.


Халық санағына жұмсалатын миллирдтаған шығынға түсінік берілді

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда өтетін ұлттық халық санағы туралы сұрақтарға жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

Неге пандемия кезінде?

Пандемия кезінде халық санағын жүргізудің орындылығы туралы сұраққа бюро "санақ - бұл қажеттілік" деп жауап берді.

"Ол 2020 жылдан 2021 жылға шегерілді, бірақ енді кейінге шегеруге болмайды. Санақты дайындау кезінде, әрине жағымсыз эпидемиологиялық жағдай ескерілді. Барлық сұхбат алушылар біріншіден, екпе алды, ал екіншіден, жеке қорғаныс құралдарымен қамтылды", - деді ведомство өкілі.

Санаққа 9 миллиард теңге

"2018-2023 жылдарға арналған санақ бюджеті 9,1 миллиард теңге болған. Яғни, бір адамға шамамен 1,1 доллар. 2009 жылмен салыстырғанда санаққа үш есе (2,9 доллардан) аз ақша жұмсалған", - деді бюро қызметкерлері.

Департамент кейбір көрші елдерде жан басына шаққандағы халық санағы қымбат болғанын ескеру қажет деп санайды: Қырғызстанда - 1,2 доллар, Әзірбайжанда - 1,44 доллар, Ресейде - 3,6 доллар.

Ақша қайда жұмсалады?

Министрлік мәліметінше, жалпы бюджеттің жартысынан көбі - 4,7 миллиард теңге - сұхбат алушылардың еңбекақысына қарастырылған. Санаққа 32 мыңнан аса адам тартылады. Олардың жалақысы 83-125 мың теңге аралығында.

"Сұхбат алушыларға арналған планшеттерге 1 миллиардтан аса теңге жұмсалды. 27 412-ден аса жинақ сатып алынды, оның ішінде планшет, қалам, қуаттағыш, қорғаныс әйнегі мен қорап. Бір жиынтықтың бағасы - 39 603 теңге. Планшеттер "бір реттік" санақтан кейін мектептер мен ауруханаларға беріледі", - делінген жауапта.

Электрон статистика ақпараттық жүйесін жаңартуға шамамен 1 миллиард теңге жұмсалады (бағдарламалық қамтамасыз етуге 504 миллион теңге және "аппараттық құралдарға" - 428,5 миллион теңге).

"Дәл осы жерде sanaq.gov.kz сайты мен планшеттерден алынған санақ деректері өңделеді, бірақ электрон статистика жүйесін қолдану 2021 жылғы санақпен шектелмейді, бұл әмбебап құрал. Мысалы, ауылшаруашылық санағын жүргізу үшін де қолданылады.
Ұлттық статистика 10 жыл күткен көлік паркін жаңартуға 475,4 миллион теңге жұмсалды. Статистикалық ақпаратты жинау үшін олар үнемі жол жүруі керек. Бұл үшін сенімді, өтімді және қымбат емес көліктер қажет. Сондықтан таңдау елде құрастырылған "Нива" көлігіне түсті - 139 автокөлік. Әрқайсы - 3,4 миллион.
Тағы 410 миллион теңге - жиналған деректерді өңдеуге. Бұл сомаға 1999 және 2009 жылғы санақ мәліметін цифрландыру да кіреді. Бюро қызметкерлері атқаратын жұмыс көлемі өте үлкен: олар 10 статистикалық жинақты құрастырады, оның ішінде 386 шығару кестесінде 6,2 миллион индикатор болады", - делінген бюро хабарламасында.

Іссапар шығындарына 360 миллион теңге бөлінген. Іс-сапарлардың мақсаты - сұхбат алушыларды оқыту.

"Бір қарағанда, бұл сома көп көрінеді. Бірақ егер оны 32 000 сұхбаттасушыға бөлсек, бір адамға бар болғаны 11 250 теңге болады", - деп толықтырды ведомство.

2018 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстан Республикасы халық санағының жиынтық бюджеті - 9 000 078,172 теңге.Әр жылда Қазақстан Республикасы халық санағына бөлінген бюджет

Қазақстанға халық санағы қажет пе?

Бюро бұл жоспарлаудың негізгі құралы екенін, оның арқасында ұлттық маңызы бар сұрақтарға жауап алу үшін түрлі ақпарат талданатынын айтты.

"Сапалы статистика - "координаттар жүйесі" кез келген мемлекеттік бастаманың іргетасы. Мысалы, егер белгілі бір елді мекендегі мемлекеттік есеп нақты саннан артта қалса, барлық инфрақұрылым - мектептер, ауруханалар, көлік шамадан тыс жүктемемен жұмыс істейді. Ақпаратты дұрыс жинау және өңдеу статистикасы арқылы алдын ала көбірек балабақшалар салу, жұмыс орындарын қамтамасыз ету немесе жаңа автобус маршруттарын құру керек екенін біледі.
Халық санағы тек біздің елде ғана емес, әлемнің көп елдерінде өте маңызды рәсім. БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған халық санағы мен тұрғын үй қорының Дүниежүзілік раунды аясында 2021 жылы санақ әлемнің 60-тан аса елінде өтеді", - деп толықтырды ведомство.

Санақ-статистикалық ақпаратты жаңартудың, мемлекеттік деректер базасын толықтырудың маңызды құралы, бірақ, әзірге "санға" толық сенуге болмайды, деп санайды статистика бюросы.

"Біріншіден, дерекқорды ауыстыру және біріктіру кезінде кейбір мәліметтер жоғалуы мүмкін. Екіншіден, барлық азаматтар мәлімет базасында бола бермейді, өкінішке қарай. Өңірлерде адамның туу туралы куәлігінен басқа құжаттары жоқ жағдайлар жиі кездеседі. Үшіншіден, кейбір азаматтар туралы толық ақпарат жоқ", - делінген редакцияның сұрауына жауапта.

Неге қағаз сауалнамадан бас тарттық

Статистика бюросы 2021 жылғы санақ sanaq.gov.kz сайтында интернет - сауалнамалар толтыру арқылы өтетінін айтты.

"Санақты онлайн жүргізу сұхбат алушылардың жұмыс көлемін азайтады. Азаматтар сайттағы сауалнамадан өтіп, механикалық қателіктердің ықтималдығын барынша азайтады. Мысалы, атауды, аты-жөнін қолмен қате жазу сияқты жағдайлар болмайды. Бұл сондай-ақ, деректерді өңдеуді едәуір жылдамдатады: электрон түрде жиналған ақпаратты өңдеу әлдеқайда жеңіл. Сонымен қатар, цифрландыру сұхбат алушылардың өмірін жеңілдетеді, қағаз сауалнамалар толтырылған пакеттіі орнына өздерімен салмақсыз планшетті алып жүреді" , - деп түсіндірді департаменттегілер.

Интернет-сауалнама sanaq.gov.kz сайтында 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында өтеді. Жаппай аралау 2021 жылдың 1-30 қазаны аралығында өтеді. Әрбір азамат сұхбат берушіні үйде күте алады немесе сайтта өз бетінше сауалнамадан өте алады.

Халық санағы үш кезеңде өтеді: 2018-2020 жылдар - дайындық кезеңі. Бұл кезеңде іс-шаралар жоспарын бекіту, пилоттық санақ жүргізу, әдіснаманы әзірлеу және бекіту, санақ парақтарының бланкілерін әзірлеу және бекіту жүргізіледі.

Негізгі кезең - 2021 жыл. Бұл санақ қызметкерлерін іріктеу және оқыту, аудандастыру; 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін респонденттерге интернет-сауалнама, 1-30 қазан аралығында планшетті немесе қағаз тасығышты пайдалана отырып интервьюерлердің респонденттерге сауалнамасы.

Қорытынды кезең - 2022-2023 жылдар. Деректердің дұрыстығын анықтау үшін респонденттерді бақылау арқылы тексеру.