Халықтан қару-жарақтарды сатып алуға 95 млн теңге бөлінді

0
1 308

Тұрғындарға заңсыз сақталған қару-жарақтарды тапсырғаны үшін 30 мың – 300 мың теңге аралығында сыйақы берілуі ықтимал.


Халықтан қару-жарақтарды сатып алуға 95 млн теңге бөлінді

ERNUR.KZ. 20 сәуірде елімізде заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу акциясы басталады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Асылбек Идрисов айтты, деп inbusiness.kz.

Оның айтуынша, акция 20 сәуірде басталады. Оны өткізуге республикалық бюджеттен 95 млн теңге бөлінген.

«Заңсыз сақталған қару-жарақтарды ерікті түрде тапсыру тәртібі Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 бұйрығымен бекітілген қағидалар бойынша жүргізіледі. Оған сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өткізгісі келетін адам кез келген полиция бөліміне өтініш береді», - деді бөлім басшысы ІІМ-де өткен онлайн-брифингте.

Сондай-ақ ол қару-жарақтарды өткізу кезінде қазақстандықтарға сыйақы берілетінін атап өтті.

«Сыйақы мөлшері қарудың түріне және оның техникалық жағдайына байланысты. Қарудың әр бірлігіне 30 мың – 300 мың теңге көлемінде сыйақы белгіленген. Оның көлемін әр облыстық, қалалық, аудандық полиция органдарынан құралған комиссиялар анықтайды», - деді басшы.

Асылбек Идрисовтің айтуынша, автомат, ойық қарудың әр бірлігіне 100 АЕК дейінгі немесе 290 мың теңге беріледі.

«Мұндай соманың жартысын ойық ұңғылы мылтықтар мен карабиндер үшін төленуі ықтимал. Тапаншалар мен револьверлерге 100 мың теңгеге дейін төлем болжанып отыр. Теріс ұңғылы мылтықтардың әр бірлігі 90 мың теңгеге бағалануы ықтимал. Төлемдер мөлшерін айқындау кезінде комиссия қарудың техникалық жай-күйін ескереді, тиісті санат беріледі», - деді басшы.

Сөз соңында ол қару-жарақтарды өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес берді.