Хоккейден Қазақстан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыға алмай қалды

0
408

Қазақстан бұл біріншілікте бірнеше сенсация жасады.


Хоккейден Қазақстан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыға алмай қалды

ERNUR.KZ. Хоккейден Қазақстан құрамасы Ригада (Латвия) өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыға алмады, деп жазады Vesti.kz.

Негізі біздің құрама плей-офф кезеңіне кеше шығатын мүмкіндіктері болған еді. Бірақ В тобындағы соңғы ойында Юрий Михайлис Шәкірттері Норвегиядан ұтылып қалды.

Сөйтіп Канада мен Финляндия арасында ойынның нәтижесін күтуге мәжбүр болдық. Бұл ойында бізге Канаданың негізгі уақытта жеңілісі қажет еді. Алайда ойын қосымша уақытқа ұласып кетті. Осылайша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы мүлде әлем біріншілігінің плей-офф кезеңіне шықпаған. Әдетте Қазақстан соңғы орындарда жүріп, бірінші дивизионға түсіп қалатын еді.

Ал биылғы әлем чемпионатында барлық құрамалар өз орнын сақтап қалады. Халықаралық хоккей федерациясы пандемияға байланысты осындай шешім шығарды. Қазақстан құрамасы Ригада он ұпай жинады. Плей-офф кезеңіне шығу үшін үш ұпай жетпей қалды.

Бұл әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы Латвия, Финляндия және Германия құрамаларын жеңіп, сенсация жасады. Сонымен қатары Италия қақпасына 13 шайба соғып рекорд орнатты.