Хромтауда бір ай бұрын жоғалып кеткен адамның денесі бөлшектелген күйде табылды

0
203

Күдіктілер қолға түсті.


Хромтауда бір ай бұрын жоғалып кеткен адамның денесі бөлшектелген күйде табылды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Бір ай бұрын жоғалып кеткен Хромтау тұрғынының денесі бөлшектелген күйде табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Полиция күдіктілерді ұстады. Осыған дейін желіде қорқынышты жағдай туралы ақпарат пайда болған: Хромтау маңындағы мұздатқышта жоғалған адамның басы табылған. Ал оның денесі бөлшектелген күйде пакеттерге салынған.

Мәйітті табу фактісін Ақтөбе облысының Полиция департаменті де растады. Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

«Тергеу барысында екі адам анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта сот екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларына санкция берді», - деп жауап берді облыстық полиция департаменті.

Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.