Киіктердің жаппай өлімі: "Охотзоопром" түсінік берді

0
503

12 сәуір күні кешкісін Мұратсай ауылы маңындағы Мұратсай су қоймасынан 1 мыңнан астам киіктің өлексесі табылған болатын.


Киіктердің жаппай өлімі:

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында 1 мыңнан астам киік қырылып қалған болатын. Кейбір БАҚ бұл оқиғаға "Охотзоопром" мекемесі кінәлі екенін жарыса жазды. Аталған ұйым басшылығы бұған қатысты түсініктеме берді, деп жазады ulysmedia.kz.

“Бұқаралық ақпарат құралдарында Охотзоопром қызметкерлерінің ұшқышсыз ұшу аппаратын (дронды) пайдалану арқылы киіктердің өліміне себеп болды деген жалған ақпарат таратылған. Осыған байланысты біз ресми түрде мәлімдейміз, бұл факт шындыққа сәйкес келмейді. Батыс Қазақстан облысының аумағында 2024 жылы дрондарды пайдалана отырып, ақбөкендерді әуеден түсіру бойынша жұмыстар жүргізілген жоқ.
Охотзоопром балансында бар дрондар (DJI Matrice) кәсіпорынның Алматы қаласындағы бас кеңсесінде орналасқан.
Жалған ақпарат тарататын адамдар ҚР заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылатын болады”, – делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, 12 сәуір күні кешкісін Мұратсай ауылы маңындағы Мұратсай су қоймасынан 1 мыңнан астам киіктің өлексесі табылған болатын.