Көкшетау қаласының прокуроры тағайындалды

0
2 087

ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Ақмола облысының Көкшетау қаласы прокуроры лауазымына әділет полковнигі Қуат Аманбекұлы Әбдіханов тағайындалды.


Көкшетау қаласының прокуроры тағайындалды

ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Ақмола облысының Көкшетау қаласы прокуроры лауазымына әділет полковнигі Қуат Аманбекұлы Әбдіханов тағайындалды.

Қ.Әбдіханов 1978 жылы Жезқазған облысының Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша аяқтады.

Әр кезеңде Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы прокурорының көмекшісі, Қарағанды облысы және Астана қаласы прокуратураларының Басқарма прокуроры, Бас прокуратураның Департаменті Бөлімінің аға прокуроры қызметтерін атқарды.

2009 жылдың шілде айынан бүгінге дейін Бас әскери прокуратураның Қоғамдық мүддені қорғау басқармасының бастығы болды.

Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жеткен жетістіктері үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 17 жыл.