"Көбелек синдромына" шалдыққан балалардың ата-анасы Тоқаевтан көмек сұрайды

0
838

Бір баланың емі мен күтіміне айына шамамен, 700-800 мың теңге қажет.


ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің №666 бұйрығына өзгеріс енгізілген соң, "көбелек балалар" емделуге арналған тегін медициналық препараттардан айырылған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Осыған дейін министрлік еліміздегі буллезды эпидермолиз, яғни "көбелек синдромына" шалдыққан балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп келген. Енді министрліктің бұйрығына сәйкес, жыл басынан бері медициналық препараттарды сатып алуға жергілікті әкімдіктер жауапты екен. Бірақ өңірлерде мұндай бұйрықтың барын ешкім білмейді. Ал, балаларға ауадай қажет препараттар дәріханаларда сатылмайды. Шетелден арнайы тапсырыспен алынады. Сәйкесінше, бағасы да өте қымбат. Бір баланың емі мен күтіміне айына шамамен, 700-800 мың теңге қажет.

Ауруға шалдыққан балалардың терісі сыпырылып түсіп жатыр. Ата-аналарының айтуынша, жағдай күннен күнге ушығып барады. Сол себепті, олардың әке-шешесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрауға мәжбүр.