Қоғамдық даму министрі тағайындалды

0
1 753

2018 жылдың 4 сәуірінде Дархан Калетаев дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалған еді


Қоғамдық даму министрі тағайындалды

фото: tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Дархан Калетаев қоғамдық даму министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Дархан Аманұлы Кәлетаев - 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл кентінде дүниеге келген. Тарихшы, саясаттану ғылымдарының докторы. 1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірген. 1996-1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген.

Айта кетейік, 2018 жылдың 4 сәуірінде Дархан Калетаев дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалған еді.