Бала екі жыл бойы әкесі мен оның бірге тұратын әйелінен зорлық-зомбылық көрген, туған анасы түрмеде.
ERNUR.KZ. Көкшетауда полицейлер 5 жасар балаға қатысты жантүршігерлік жайтты анықтады, деп жазады tengrinews.kz.
5 жасар балаға қатысты зорлық-зомбылық фактісін "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлімдеді.
"Бала екі жыл бойы әкесі мен оның бірге тұратын әйелінен зорлық-зомбылық көрген, туған анасы түрмеде. Баланы тыныштандыру үшін көйлегіне байлап, бөлмеде жалғыз қамап ұстаған, басқа балалармен араласуына рұқсат бермеген, отбасында - тоғыз. Баланы дұрыс тамақтандырмаған және су бермеген, салдарынан балаға әртүрлі диагноз қойылған: шөлдеу, бауыр циррозы, рахит", - деп жазды Таңсәрі Instagram-парақшасында.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді.
Көкшетау қаласының Полиция басқармасына тұрғыннан бала тәрбиесімен айналыспайтын туысқанына шара қолдану, сол отбасыда 2017 жылы туған кенже бала азып-тозғаны туралы арыз түскен.
"Дерек тіркеліп, тексеру барысында Көкшетау қаласының 37 жастағы тұрғынының бірінші некеден кәмелетке толмаған үш баласы және екінші некесінен кәмелетке толмаған төрт баласы бар екені анықталды, ол қазір екінші әйелімен тұрады.
Учаскелік полиция инспекторы мүдделі мемлекеттік орган өкілдерімен бірге мекенжай бойынша аралау жүргізді. Баланың жағдайы расталды, ата-анасы баланың денсаулығына байланысты медициналық көмекке жүгінбегендерін айтты", - деді полициядағылар.
Дәл сол күні бұл отбасына педиатр келіп, тексеруден кейін бала ауруханаға жіберілгені атап өтілді.
"Көкшетау қалалық ПБ қорғаншылық және қамқоршылық органына сот-медициналық сараптама жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат жолдады. Қазіргі уақытта сараптама жүргізіліп жатыр. Балаға сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылды", - деп қорытындылады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.