Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды.
ERNUR.KZ. Көкшетауда мектеп ауласында асылып қалған бойжеткеннің денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы шілденің 20-да сағат 9:50 Әуелбеков көшесі 177 мекенжайы бойынша орналасқан №16 орта мектеп аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғандығы туралы 102 желісіне телефон арқылы хабарланған.
«Шақыру орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы бағытталды. Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «өзін өзі өлтіруге жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.