Көкшетауда 67 жастағы әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалып, ол бес бақайынан айырылды. Ол елордалық ауруханаға жатқызылды.
ERNUR.KZ. Орталық базарда әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді басталды, деп жазады sputnik.kz.
"Щучинск қаласы тұрғынының эскалаторда жарақат алу фактісіне байланысты Қылмыстық кодекстің 306-бабының 1-бөлігі, яғни қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін тауар шығару немесе сату, қызмет ұсыну бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы оқиғаны тергеу барысында сот-медициналық сараптама жасалады, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Еске сала кетсек, Көкшетауда 67 жастағы әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалып, ол бес бақайынан айырылды. Ол елордалық ауруханаға жатқызылды.