Оқиға 5 сәуір сағат 11:50-де болған.
ERNUR.KZ. Көкшетауда құрылыс алаңында кран құлады, деп жазады Sputnik.kz.
Оқиға 5 сәуір сағат 11:50-де болған. Кран салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйге құлаған. Салдарынан 28 жастағы машинист қайтыс болды.
"Қылмыстық кодекстің 277-бабына сәйкес ("құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу") сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталады", - деп мәлімдеді ведомство.