Көкшетауда полицейлер кісі өліміне күдікті әйелді ұстады

0
565

Ер адамға ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен марқұммен бірге тұрған әйел ұсталған.


Көкшетауда полицейлер кісі өліміне күдікті әйелді ұстады

ERNUR.KZ. Көкшетауда полицейлер азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікпен әйелді ұстады, деп жазады tengrinews.kz.

19 сәуірде қалалық полиция басқармасына қала тұрғыны кенет қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына барған кезде 45 жастағы ер адамды өлі тапқан. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған.

Тергеу барысында ер адамға ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен марқұммен бірге тұрған әйел ұсталған.
Қайғылы оқиға болған күні азаматтық некедегі ерлі-зайыпты пәтерде өздері болғаны және олардың арасында жанжал туындағаны анықталған. Жанжал кезінде күдікті ер адамның кеудесіне пышақ сұққан, сот-медициналық сарапшының қорытындысы бойынша соның салдарынан жәбірленуші қайтыс болған.
Полиция басқармасы осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеуді бастады.