Көкшетаудағы жатақханада ер кісі екі адамды пышақтап тастады

0
435

Ол бұл туралы кейін өзі полицияға хабарлаған.


Көкшетаудағы жатақханада ер кісі екі адамды пышақтап тастады

ERNUR.KZ. Көкшетауда 50 жастағы тұрғын жатақханада екі адамды пышақтап тастаған. Ол бұл туралы кейін өзі полицияға хабарлаған. Бөлмедегі айқай-шуды көршілері де естіген, деп zakon.kz.

"Шулап жатты. Бір ақсақал тұратын. Әйелді кеңірдегінен төрт рет пышақтаған дейді. Шалды білмеймін. Масқара. Ешкімге зияны жоқ".Марқұмның көршісі Найман Демесінов
Бөлмеде 87 жастағы ақсақал жалғыз тұрыпты. Қылмыс болған күні өзінен 30 жас кіші әйел мен ер адам қонаққа келген. Кісі өлтірді деген күдікті өзімен бірге келген әйелді егде жастағы азаматтан қызғанған көрінеді.

Пышақпен әуелі қарияны, одан соң әйелді бауыздаған. Күдікті бұрын да кісі өлтіріп, 8 жыл түрмеде отырған екен.

"Ауыр қылмысын бірден мойындады. Дегенмен полиция келгенше, пышақты жасырып, сыртқа лақтырып үлгерген. Екі бірдей адамды өлтірді деген күдікпен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды".Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук