Қазіргі таңда, Атырау қалалық сотының үкімімен жалған спирттік өнімдерді сатумен айналысқан азамат кінәлі деп танылып, 1 жылға дейін бас бостандығына шектеу жазасы қолданылған.
ERNUR.KZ. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің Экономикалық тергеу қызметі заңсыз қолдан жасалған спирттік өнімдерді сату барысында ұсталған азаматқа қатысты тергеу амалдарын аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралара барысында 1984 жылғы Атырау қаласының тұрғыны қолдан жасалған спирттік өнімдерді сатқан жерінде ұсталған болатын. Оның автокөлігін тінту барысында 300 ден аса «Русская бруньках», «Polus Platinum», «Русское добро», «Изумруд», «Великий хан», «Хаома оригинал», «Айдабульская», коньяк «Казахстан» спирттік өнімдері анықталған болатын. Анықталған затты айғақтар бойынша сараптама тағайындалып, нәтижесі бойынша спирттік өнімдер жалған болып танылған және жабыстырылған акциздік маркалары да жалған болып шыққан.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 233 бабымен (Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп аяқталған болатын.
Қазіргі таңда, Атырау қалалық сотының үкімімен жалған сприттік өнімдерді сатумен айналысқан азамат кінәлі деп танылып, 1 жылға дейін бас бостандығына шектеу жазасы қолданылған.
Осыған орай, Атырау облысы аумағында заңсыз сприттік өнімдерді жасаумен немесе оны сатумен айналысу айғақтары анықталған жағдайда Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.