Көшеде жұрттың мазасын алған әйелдің 1987 жылғы және қолындағы баласы алты айлық екені анықталған.
ERNUR.KZ. Өскеменде қолында сәбиі бар жалаңаш әйелді көшедегі куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп жазады Stan.kz.
Әдепсіз қылық көрсеткен тұрғын Өскемендегі Гагарин бульварындағы адамдардың назарына түсті. Әйелдің үстінде киім болмаған және қолындағы сәбиі де жалаңаш. Ал бұл кезде қала температурасы он градусты көрсетіп тұрыпты.
Әйел бағдаршамға тоқтап тұрған көліктердің жанына барып, тисе бастаған. Көлік иесі оны ішке кіргізген соң, айқайлап көмекке шақыра бастаған.
Сол маңнан өтіп бара жатқандар айқайлаған дауыстан қашып, кейбірі полиция шақырған. ШҚО ПД көшеде жұрттың мазасын алған әйелдің 1987 жылы туғанын, қолындағы баласы алты айлық екенін анықтады.
"Ол арнайы медициналық мекемеге жеткізілді. Онда білікті дәрігерлер оған не болғанын анықтайды. Сәбиді ана мен бала орталығына апарды, жағдайы бірқалыпты", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінің қызметкері Әйгерім Нұрғазина.
Ескерту! Балағат сөздер бар!