Қонаев әкімі отставкаға кетті

0
686

2020 жылдың мамырында Нұрлан Құматаев Қапшағай әкімі болып тағайындалған.


Қонаев әкімі отставкаға кетті

ERNUR.KZ. Қонаев әкімі Нұрлан Құматаев отставкаға кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Ақпаратты Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова растады. Ресми деректерге сәйкес, Нұрлан Құматаев 2024 жылдың 28 наурызында Қонаев әкімі қызметінен өз өтініші бойынша кеткен.

Нұрлан Құматаев облыс орталығын Талдықорғаннан Қонаев қаласына көшіру жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысқаны атап өтілді.

Нұрлан Құматаев 53 жаста, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. 1991 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Оның заңгерлік және экономикалық білімі бар.

Әр жылдары Іле ауданы әкімі аппаратының ауыл және тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген. 2003-2004 жылдары Байсерке ауылы әкімінің орынбасары болған.

2020 жылдың мамырында Нұрлан Құматаев Қапшағай әкімі болып тағайындалған.