Жалпы аумағы 15 га жағалау аттракциондар паркіне айналмақ.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Қонаев қаласында жалпы аумағы 7.12 гектар болатын жер қытайлықтарға берілді деген ақпарат тарады. Жергілікті әкімдік жағдайды түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.
"Тарқатып айтсақ, "Жібек жолы" ЖШС №8 жағажайды абаттандыру жобасын қолға алып, инвестиция құймақ ниетте. Бұл жердің көлемі 7.9 гектар. Дәл сол жағажайдың қасындағы 7.12 аумақты алып жатқан учаске, яғни, №7 жағажайдың бір бөлігі инвест жобаның құрамына кіріп отыр. Жалпы аумағы 15 га жағалау аттракциондар паркіне айналмақ",- деп атап өтті әкімдіктен.
Қазір №7 қалалық жағажайда 40-тан астам кәсіпкер қызмет етеді. Олар дәмхана, тапшан, шатырларды мемлекеттен жалға алып отыр. Мұндағы 2 бизнес орын аталған инвестжобаның құрамына енген.